Пайдаланушылық келісім (Оферта)

  1. ТОО « Elim бизнес шешімдер Орталығы» ЖШС, ары қарай Әкімшілік деп аталатын, Жарғы негізінде әрекет ететін Директор атынан Кыдырова Джамиля Ораловна, бір жағынан және ________________, одан әрі Пайданушы деп аталатын басқа жағынан __________________________________________ бірге Тараптар деп аталатын, осы KazData маркетингілік анықтамалығының модульдеріне қолжетімділік бойынша қызметтер Келісімшартына отырды.
  2. Бұл келісімшарт-шот-акт KazDATA маркетингілік анықтамалығы модульдері үшін іске асады. Оның ішіндегі модульдер мен деректердің толық тізімі адресі бойынша таба аласыз. Модульдердегі деректер Пайдаланушыны арнайы ескертусіз Әкімшіліктің өз қарауы бойынша кез келген уақытта өзгеруі мүмкін.
  3. Модульдерге қолжетімділік қолданыстағы тарифтерге сәйкес жазылу арқылы жүзеге асады. Жазылуға тарифтер Пайдаланушыны арнайы ескертусіз Әкімшіліктің өз қарауы бойынша кез келген уақытта өзгеруі мүмкін. Модульдерге жазылуға барлық өзекті тарифтер бетінде жарияланып отырады.
  4. KazDATA модульдеріне жазылуды төлей отыра Пайдаланушы автоматты түрде төлем мерзімі біткен соң модульдер қолжетімсіз болатынына келіседі.
  5.  «Ұйымдар» модулінде барлық байланыс деректері  (телефондар, эл. адрестер, нақты мекен-жайлар, компания сайттарының атауы) ашық деркеккөздерден жиналған және деректердің өзектілігіне Әкімшілік кепілдік бермейді.
  6. KazDATA ресми дереккөздерден алынған тек ресми деректерді қамтиды. Әкімшілік модульдердегі деректер мазмұны үшін жауап бермейді. Дереккөздердің толық тізімі адресінде көрсетілген.
  7. Әкімшілік жаңа деректер пайда болған сайын модульдердегі деректерді тұрақты түрде жаңартып отырады.
  8. Төленген модульді (-дерді) Пайдаланушыға қолжетімді еткен соң Әкімшілік ақшаны қайтармайды.
  9. Жазылу мерзімі ішінде Әкімшілік ауызша және жазбаша түрде іштей және сырттай кеңесулер бере алады.
  10. Әкімшілік KazDATA-ны пайдалану кезінде үшінші тұлғалардың әрекеттеріне жауап бермейді.
  11. ҚР заңнамасына сәйкес Пайдаланушы Әкімшіліктің өзінің жеке бас деректерін алу және өңдеуіне келісім береді. Әкімшілік үшінші тұлғалардың жеке бас деректерге қол жеткізуіне жол бермейді.
  12. KazDATA әкімшілігі Пайдаланушының өзі ақпаратты жарнамалық жіберілімдерден бас тартпаса сондай сипаттағы жіберілімдерді тарата беру құқығына ие. Сонымен бірге, KazDATA сайтына компания логотипі мен Пайдаланушы пікірлерін қоюға.
  13. Пайдаланушыға "Импорт/экспорт" модуліндегі деректер базасын деректерді іздеу және сұрыптаудың көрсеткіштерін (тауар, сала, орналасқан жері, көлемі және т.б.) көрсетуінсіз кез келген мерзімге толық жүктеуге тыйым салынады.
  14. Пайдаланушыларға KazDATA модульдерінен алынған деректерді үшінші тұлғаларға сату және қайта сатуларына тыйым салынады. Пользователям запрещается продажа и перепродажа данных и информации из модулей третьим лицам.
  15. Пайдаланушыларға KazDATA-ны ҚР заңдарына қарама-қайшы пайдалануға тыйым салынады.  
  16. Пайдаланушы бұл сайтты Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қолдануды міндеттенеді.